Егістік көлемдерін, әсіресе егістік құрылымында мал азықтық дақылдар көлемдерін ұлғайтуға бағытталған жұмыстар атқарылуда. Соңғы 5 жылдық бойынша 2016 жылы егістік көлемі 7 604 га құраса, 2020 жылы бұл көрсеткіш 9 327 гектарға немесе 122% ұлғайды. Соның ішінде мал азықтық дақылдар көлемі 2 089 гектардан 3 333 гектарға, немесе 159,5% ұлғайып отыр.
Сонымен қатар егістікте жаңа технологияларды, оның ішінде тамшылатып суару технологиясын кеңінен енгізуге, өнімі мол, сапалы ауыл шаруашылығы сорттарын егу, егістікте минералдық тыңайтқыштар пайдалану үлестерін арттыру арқылы егістік өнімдерін өндіруге мән берілуде. Соңғы 5 жылдық бойынша 2016 жылы егістіктегі тамшылатып суару технологиясы пайдаланылатын алқаптар көлемі 1 927 га құраса, 2020 жылы бұл көрсеткіш 3 000 гектарға немесе 155,7% ұлғайды.
Егін шаруашылығы саласындағы интенсивті бағытқа бет бұрыс және мемлекеттік бюджеттік бағдарламалар аясындағы cоңғы жаңа технологияларды қолдаулар нәтижесінде егістіктен алынатын өнім көлемдері де артып келеді.