Жастарды жұмысқа орналастыруға қандай шаралар қолдануда?

    Атырау облысының әкімдігі

    Сұрақ

    Жастарды жұмысқа орналастыруға қандай шаралар қолдануда?

    Жауап

    Жоғарғы оқу орнының түлектері үшін «Жастар тәжірибесі» және «Дипломмен – ауылға» бағдарламалары іске асырылуда.

    « Жастар тәжірибесі» бойынша оқу орнын аяқтағаннан кейін жұмыс тәжірибесін алу үшін мемлекет түлектерге алты айлық жастар тәжірибесін ұсынады. Бұл үшін диплом алған түлек (29 жасқа дейін) өз қаласының/ауданының әкімдігі жанындағы жұмыспен қамту орталығына өтініш береді. Содан кейін жұмыспен қамту орталығы түлек туралы деректі мамандар деректерінің бірыңғай қорына енгізеді және жұмыс беруші компаниялар арасында диплом бағыттары бойынша бөледі.

    Жастар тәжірибесіне (практикасына) бағытталған бағдарламаға қатысушылардың айлық еңбекақысы – 18 айлық есептік көрсеткіші (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысының өтемақыларын және банктік қызмет көрсетулерді шегерусіз) құрайды. Егер жұмыс беруші тәжірибе (практика) уақытында сізді өзінің компаниясына жұмыс жасауға қабілетті және сай келеді деп есептейтін болса – ол сізді тұрақты жұмыс жасауға қабылдауға құқы бар. Жас маман үшін бұл нұсқа жұмыс тәжірибесінсіз неғұрлым қолайлы болып саналады, бұл орайда сіз, тәжірибеден өту кезінде өзіңіздің және өзіңіздің кәсіби дағдыларыңызды көрсету мүмкіндіктерін назардан шығарып алмаңыз. Бағдарлама түлектердің алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алуға арналған.
    Түлектің бағдарламаға қатысуы үшін мыналар қажет:
    1. Өз қаласының немесе ауданының әкімдігі жанындағы Жұмыспен қамту орталығына өтініш білдіру.
    2. Жұмыссыз ретінде тіркелу (жас мөлшері 29-дан аспауы тиіс).
    3. Төмендегідей құжаттар тапсыру:

    • жеке бас куәлігі;
    • диплом;
    • үй кітабы немесе мекенжай анықтамасы;
    • зейнетақы қорымен жасалған шарт;
    • Халық банкінен ағымдағы есепшот;
    • 086-У үлгідегі денсаулық жағдайы туралы анықтама.

    «Дипломмен – ауылға»

    Төмендегі мамандықтар:

    • білім беру;
    • денсаулық сақтау;
    • әлеуметтік қамтамасыз ету;
    • мәдениет және спорт;
    • ветеринария бойынша ЖОО-ны аяқтаған студенттер үшін.
      Мемлекет тиісті әлеуметтік қолдаумен ауылдық жерлерде жұмыстар ұсынады. Жас мамандарды әлеуметтік қолдауға мыналар кіреді:
      • 70 АЕК мөлшерінде біржолғы көтерме жәрдемақы беру;
      • 1500 АЕК мөлшерінде 0,01% мөлшеріндегі сыйақы мөлшерлемесімен, 15 жылға арналған мерзімге тұрғынүй сатып алу және салу үшін бюджеттік несие беру;
      • ауылдық елді мекендерде орналасқан әлеуметтік салалар мекемелерінің мамандарына (қалалық елді мекендерде) тарифтік мөлшерлемелерден 25%-ға кем емес мөлшерде лауазымдық еңбекақыны көтеру.
      Бағдарламаға қатысу үшін мыналар қажет:
      • сіз таңдаған елді мекенде (ауыл мектебі, аурухана, Мәдениет үйі, спорт кешені және т.б.) өз бетімен жұмыс табу;
      • жұмысқа қабылдау кезінде үміткер бағдарламаға қатысуға аудандық комиссияға өтініш береді;
      • өз бетіңізбен жұмыс іздеу мүмкіндігі болмаған кезде, сіз ҚР Ауылшаруашылық министрлігіне немесе өңірлердегі жауапты қызметкерлерге өтініш білдіре аласыз;
      • өңірлердегі кадрларға деген қажеттілік туралы деректер облыстық әкімдіктер басқармаларының сайттарында орналастырылған.
      Жобаға қатысу үшін құжаттар тізбесі:
      • үлгі бойынша өтініш;
    • жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;
    • тиісті елді мекенде тұратындығын растайтын мекенжай анықтамасы;
    • білімі туралы дипломның көшірмесі;
    • Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тұрғын үй сатып алу-сату туралы алдын ала шарт;
    • жылжымайтын мүлікті бағалау актісі (бюджеттік несие алу үшін);
    • тұрғын үй салу үшін берілген жер телімдерін пайдалану құқығына акті.

    2020 жылы «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы аясында 38 жас маман бюджеттік несиеге қол жеткізсе, 120 жас маман көтерме жәрдемақы алды. «Жастар тәжірибесі» мемлекеттік бағдарламасы аясында 1081 адам жолдама алып, оның 638 - і тұрақты жұмысқа орналасты.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Көпқабатты тұрғын үйге қызмет көрсететін ұйымды қалай білуге болады?

    Жауап

    - 1. Үйге қызмет көрсететін ұйым туралы ақпаратты ПИК/МИБ-тен немесе қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінен алуға болады. Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тұрғын үй секторына жауапты жергілікті орган бол...

    Сұрақ

    Аулаға жаяу жүргінші жолын салу мүмкін бе?

    Жауап

    -Аулаға жаяу жүргінші жолын салу мәселесі бекітілген жоспарлар мен бюджетке сәйкес қаралады. Егер аула ортақ пайдалану аумағы болса – жергілікті әкімдік арқылы шешіледі. Егер жер кондоминиумға (үйге) тиесілі болса – тұрғындардың келісімі міндетті. Қазақстан Республикасының 2001 ж...

    Сұрақ

    Қаладағы мәдени іс-шаралар туралы ақпаратты қайдан білуге болады?

    Жауап

    - Қаладағы мәдени іс-шаралар туралы ақпарат бірнеше ресми және жедел ақпарат көздері арқылы таратылады. Әрқайсысының өз ерекшелігі бар: Ресми сайттар (негізгі және сенімді ақпарат) Әкімдіктің ресми сайтында іс-шаралардың жоспары, уақыты, орны нақты көрсетіледі; Бұл – ең сенімді ж...

    Сұрақ

    Қала аумағын көгалдандыру бойынша ұсыныс қалай беріледі?

    Жауап

    - 1. Ұсыныс дайындау. Ұсыныста мыналар көрсетіледі: көгалдандыру қажет нақты аумақ (көше, аула, саябақ, бос жер); қандай жұмыстар қажет (ағаш отырғызу, гүлзар, газон, суару жүйесі т.б.); не үшін қажет екені (шаң, ыстық, қауіпсіздік, көрік беру); өтініш берушінің аты-жөні, байланы...

    Сұрақ

    Медициналық ұйымға (емханаға) қалай бекітілуге болады?

    Жауап

    - Көрсетілетін қызметті тұрғылықты жері өзгерген жағдайда (көшіп – қону), бекітілімнің медициналық ұйымын (жылына 2 мәрте еркін бекітілуге болады), бекіту науқаны кезінде 1 қыркүйектен 1 қарашаға дейін (бекіту келесі жылдың қаңтарынан бастап күшіне енеді) пайдалануға болады. ҚР Д...

    Сұрақ

    Қандай жағдайда дәрігерді үйге шақыруға болады?

    Жауап

    - Дәрігерді үйге шақыру – бұл науқастың жағдайына байланысты медициналық бақылау мен көмек алу мүмкіндігі, әсіресе, ол емханаға немесе стационарға өздігінен бара алмайтын жағдайда қолданылады. Қазақстан Республикасында бұл қызмет ГОБМП (гарантталған тегін медициналық көмек) және...

    Сұрақ

    Жедел жәрдем қандай жағдайда шақырылады?

    Жауап

    - Жедел жәрдем – бұл науқастың өміріне немесе денсаулығына қауіпті жағдайларда дереу медициналық көмек көрсету қызметі. Қазақстан Республикасында жедел жәрдем қызметі ГОБМП (Гарантталған тегін медициналық көмек) және МӘМС жүйесі аясында тегін көрсетіледі. Жедел жәрдем шақыруға кө...

    Сұрақ

    ҚР-дағы Тіл туралы заңнамасын бұзғаны үшін қандай жауаптылық көзделген?

    Жауап

    - "Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы" ҚР заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық Әкімшілік-құқық бұзушылық туралы Кодекстің 75,455-баптарына сәйкес жүзеге асырылады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 75-бабына сәйкес тіл туралы заңның 21-бабында көрсетілген талаптарды са...