Балалардың жан-жақты дамуына ықпал ететін сала - қосымша білім беру саласы. Білім беру саласындағы қосымша білім беру мекемелерінің саны – 43, қамтылған бала саны – 34 587, бұл оқушы контингентінің 25% құрайды.
Пандемия жағдайында қосымша білім беру ұйымдарының оқу үрдісі дәстүрлі және қашықтықтан ұйымдастырылған. Дәстүрлі оқу үрдістегі үйірмелер Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысына сәйкес күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, алдын ала жазылу бойынша белгіленген адам санындағы балалар тобымен өткізілуде. Қосымша білім беру ұйымдарына құжат қабылдау қызметі автоматтандырылғандығын хабарлаймыз.
e-gyzmetter.kz порталына жеке ЭЦП кілтімен кіре отырып, ата-ана облыстағы қосымша білім беру ұйымдары туралы мәлімет ала алады. Мекемелердің сілтемесі арқылы үйірмелер, педагогтар, сабақ кестесі, жетістіктерімен танысады.
Бұл қызмет ата-ана үшін тиімді және қолайлы.