"Алтын алқа" және "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналарға 16 160 теңге мөлшерінде ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы төленеді. (6,4 АЕК).
"Алтын алқа" және "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көп балалы аналар да: - көлік құралдары салығы мен жер салығын; - тұрғылықты жерін тіркеу, паспорттар мен жеке куәліктер беру кезінде нотариаттық және заңдық маңызы бар іс - әрекеттер жасаған кезде мемлекеттік баж салығын төлеуден босатылды, сондай-ақ 5 және одан да көп бала туып, оларды 8 жасқа дейін тәрбиелеген аналар 53 жасында зейнетке шығуға құқылы. Бұдан басқа, азаматтардың ұсыныстарын ескере отырып, министрлік әлеуметтік көмек пен қызметтердің бірыңғай пакетін әзірледі, оны АӘК алушыларға жергілікті атқарушы органдар көрсететін болады. Әлеуметтік пакетке жергілікті атқарушы орган есебінен 11 әлеуметтік қолдау және әлеуметтік қызмет көрсету шаралары кіреді, оның ішінде 1-4 сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету, қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүру, балалар лагерлерінде тегін демалу, тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы тұрғын үй жағдайларын жақсарту, мектеп формасымен, оқулықтармен және керек-жарақтармен қамтамасыз ету және тағы басқалар. Бірыңғай әлеуметтік пакетті енгізу еліміздің барлық өңірлерінде мұқтаж азаматтарға бірдей қосымша әлеуметтік көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және жеңілдіктер мен жәрдемақылардың өзге де түрлерін ұсыну бойынша толық ақпаратты Жұмыспен қамту орталықтарынан, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларынан, ауылдық әкімдіктерден, сондай-ақ call-орталықтың "111" тегін нөміріне хабарласу арқылы алуға болады.