1 және 2 жауапкершілік деңгейіндегі объектілерде құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыратын ұйым қандай біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс? ҚМЖ орындау бойынша қосалқы мердігерлік ұйымға қойылатын талаптар?

    Атырау облысының әкімдігі

    Сұрақ

    1 және 2 жауапкершілік деңгейіндегі объектілерде құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыратын ұйым қандай біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс? ҚМЖ орындау бойынша қосалқы мердігерлік ұйымға қойылатын талаптар?

    Жауап

    Құрылыс-монтаж жұмыстарын (бұдан әрі-ҚМЖ) жүзеге асыру үшін, ұйымдардың (мердігер мен қосалқы мердігер) өңірлік орналасуына қарамастан, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2014 жылғы 9 желтоқсандағы №136 бұйрығы «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне» сәйкес болуы қажет (бұдан әрі-біліктілік талаптары). ҚМЖ-ны жүзеге асыратын ұйымдардың сәйкестігіне арналған талаптардың бірі ҚМЖ-мен айналысу үшін ІІ санаттағы лицензиаттарға қойылатын біліктілік талаптарының 2-тармағының 5-тармақшасында көзделген, құжаттамалық растауды (объектіні пайдалануға беру қол қойылған актілерінің көшірмелерін) ұсына отырып, бас мердігер ретінде техникалық күрделі емес және (немесе) үшінші жауапкершілік деңгейіндегі іске асырылған кемінде бес құрылыс объектілерінің болуы не лицензиат қосалқы мердігерлік шарттар бойынша жұмыстарды іске асырған бірінші және (немесе) екінші жауапкершілік, құжатты растауды ұсына отырып (орындалған жұмыстардың қол қойылған актілерінің көшірмелері). ҚР Сәулет, қалақұрылысы және құрылыс қызметі жөніндегі заңының 32-бабының 2-тармағына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобалау қызметі мен құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыру үшін жеке және заңды тұлғалар мынадай санаттарға бөлінеді: I санат-қолда бар лицензия шеңберінде жауапкершіліктің барлық деңгейлеріндегі объектілерде осы тармақта көрсетілген қызметті жүзеге асырады; II санат-осы тармақта көрсетілген, екінші және үшінші жауапкершілік деңгейлеріндегі объектілерде қызметті, сондай-ақ қосалқы мердігерлік шарттар бойынша қолда бар лицензия шеңберінде бірінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілерде жұмыстарды жүзеге асырады; 13 III санат-осы тармақта көрсетілген қызметті екінші техникалық күрделі емес және үшінші жауапкершілік деңгейлерінің объектілерінде, сондай-ақ қосалқы мердігерлік шарттар бойынша қолда бар лицензия шеңберінде бірінші және екінші жауапкершілік деңгейлерінің объектілерінде жүзеге асырады. ҚР ҚЕ 1.01-101-2014 сәйкес құрылыс терминологиясы, қосалқы мердігерлік ұйым (қосалқы мердігер) - салынып жатқан объектіде монтаждау және арнайы құрылыс жұмыстарының жекелеген кешендерін орындау үшін бас мердігер шарттық негізде тартатын мамандандырылған мердігерлік ұйым. Сонымен қатар, жауапкершілік деңгейін айқындау үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы №165 бұйрығымен бекітілген Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларын басшылыққа алу қажет.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Көпқабатты тұрғын үйге қызмет көрсететін ұйымды қалай білуге болады?

    Жауап

    - 1. Үйге қызмет көрсететін ұйым туралы ақпаратты ПИК/МИБ-тен немесе қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінен алуға болады. Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тұрғын үй секторына жауапты жергілікті орган бол...

    Сұрақ

    Аулаға жаяу жүргінші жолын салу мүмкін бе?

    Жауап

    -Аулаға жаяу жүргінші жолын салу мәселесі бекітілген жоспарлар мен бюджетке сәйкес қаралады. Егер аула ортақ пайдалану аумағы болса – жергілікті әкімдік арқылы шешіледі. Егер жер кондоминиумға (үйге) тиесілі болса – тұрғындардың келісімі міндетті. Қазақстан Республикасының 2001 ж...

    Сұрақ

    Қаладағы мәдени іс-шаралар туралы ақпаратты қайдан білуге болады?

    Жауап

    - Қаладағы мәдени іс-шаралар туралы ақпарат бірнеше ресми және жедел ақпарат көздері арқылы таратылады. Әрқайсысының өз ерекшелігі бар: Ресми сайттар (негізгі және сенімді ақпарат) Әкімдіктің ресми сайтында іс-шаралардың жоспары, уақыты, орны нақты көрсетіледі; Бұл – ең сенімді ж...

    Сұрақ

    Қала аумағын көгалдандыру бойынша ұсыныс қалай беріледі?

    Жауап

    - 1. Ұсыныс дайындау. Ұсыныста мыналар көрсетіледі: көгалдандыру қажет нақты аумақ (көше, аула, саябақ, бос жер); қандай жұмыстар қажет (ағаш отырғызу, гүлзар, газон, суару жүйесі т.б.); не үшін қажет екені (шаң, ыстық, қауіпсіздік, көрік беру); өтініш берушінің аты-жөні, байланы...

    Сұрақ

    Медициналық ұйымға (емханаға) қалай бекітілуге болады?

    Жауап

    - Көрсетілетін қызметті тұрғылықты жері өзгерген жағдайда (көшіп – қону), бекітілімнің медициналық ұйымын (жылына 2 мәрте еркін бекітілуге болады), бекіту науқаны кезінде 1 қыркүйектен 1 қарашаға дейін (бекіту келесі жылдың қаңтарынан бастап күшіне енеді) пайдалануға болады. ҚР Д...

    Сұрақ

    Қандай жағдайда дәрігерді үйге шақыруға болады?

    Жауап

    - Дәрігерді үйге шақыру – бұл науқастың жағдайына байланысты медициналық бақылау мен көмек алу мүмкіндігі, әсіресе, ол емханаға немесе стационарға өздігінен бара алмайтын жағдайда қолданылады. Қазақстан Республикасында бұл қызмет ГОБМП (гарантталған тегін медициналық көмек) және...

    Сұрақ

    Жедел жәрдем қандай жағдайда шақырылады?

    Жауап

    - Жедел жәрдем – бұл науқастың өміріне немесе денсаулығына қауіпті жағдайларда дереу медициналық көмек көрсету қызметі. Қазақстан Республикасында жедел жәрдем қызметі ГОБМП (Гарантталған тегін медициналық көмек) және МӘМС жүйесі аясында тегін көрсетіледі. Жедел жәрдем шақыруға кө...

    Сұрақ

    ҚР-дағы Тіл туралы заңнамасын бұзғаны үшін қандай жауаптылық көзделген?

    Жауап

    - "Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы" ҚР заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық Әкімшілік-құқық бұзушылық туралы Кодекстің 75,455-баптарына сәйкес жүзеге асырылады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 75-бабына сәйкес тіл туралы заңның 21-бабында көрсетілген талаптарды са...