"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-тармағына сәйкес әскери қызметке шақырудан босату аудандық (облыстық маңызы бар қала) әскерге шақыру комиссиясының шешімімен беріледі.
Бейбiт уақытта әскери қызметке шақырудан:
1)денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамсыз деп танылған;
2) жиырма жеті жасқа толған, заңды негiздер бойынша мерзiмдi әскери қызметке шақырылмаған;
3) туыстарының бiрi (әкесi, анасы, аға-інілерi немесе апа-сіңлілері) әскери қызмет өткеру кезеңiнде қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан, қайтыс болған немесе бiрiншi немесе екінші топтағы мүгедек болып қалған;
4) басқа мемлекетте әскери (баламалы) қызмет өткерген;
4-1) "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабының 9-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарында қызмет өткергендер;
5) ғылыми дәрежесi бар азаматтар;
6) тіркелген діни бірлестіктердің дін қызметкерлері босатылады.
Мемлекеттік қызметті аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) әскерге шақыру комиссиялары арқылы көрсетеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке тұлғалар көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы және ұялы байланыс абоненттік құрылғысы (бұдан әрі – портал) арқылы осы қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында өтініш немесе ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі