Бағдарлама талаптары бойынша 2004 - 2009 жылдардағы кезеңде берілген қарыздарды, сондай-ақ 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін шетел валютасында берілген қарыздарды 2035 жылға дейін қайта қаржыландыру көзделген. Қарыздың Бағдарлама талаптарына сәйкестігін айқындау үшін қарыз алушы өзінің кредит берген банкіне өтініш жасауы қажет. 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген валюталық ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру/конвертациялау 2021 жылғы 1 шілдеге дейін жүзеге асырылады. ХӘОТ санатындағы қарыз алушыларға қосымша көмек көрсету және баспананы баланстан қайтару мерзімі 2021 жылғы 1 шілдеде аяқталады.
Банктердің тізімін «Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 24 сәуірдегі №69 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 21 қыркүйектегі №114 қаулысының мәтінінен https://finreg.kz/?docid=1310&switch=kazakh сілтемесі бойынша табуға болады. Банктердің Қайта қаржыландыру бағдарламасының талаптарын түсіндіретін қызметкерлерінің байланыс деректерімен, сондай-ақ қажетті құжаттардың тізбесімен https://finreg.kz/?docid=1310&switch=kazakh сілтемесі арқылы танысуға болады.