Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы N149 Заңының 15-бабына сәйкес уәкілетті орган жұмыс іздеп жүрген адамды тұрғылықты жері бойынша жеке басын куәландыратын құжат негізінде немесе электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы тіркеуге алады және жұмыс берушілерден түскен ваканттық жұмыс орындарына жұмысқа жолдайды. Жұмыссыз ретінде тіркелген соң келесідей әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады:
- даярлау және қайта даярлау курстары;
- әлеуметтік жұмыс орындары;
- қоғамдық жұмыс;
- Жастар практикасы;
- ваканттық жұмыстарға жұмысқа орналасу;
- «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының бағыттарына қатысу;
- бос жұмыс орындарының жәрмеңкелеріне қатысу.
Жұмыссыз ретінде тіркелу үшін тұрғылықты мекен-жайыңыз бойынша Халықты жұмыспен қамту орталықтарына хабарласу қажет. (тел.: 32-46-22).