Қоғамдық тыңдаулар екі нысанда өткізілуі мүмкін: ашық және сауалнама нысаны;
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 7 мамырдағы №135-ө "Қоғамдық тыңдауларды өткізу ережесін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес ашық нысан барлық мүдделі тараптардың жеке қатысуымен өтеді, әзірленген жобаның қызметі талқыланады, барлық қажетті құжаттар ұсынылады. Бұл нысан І және ІІ санатына қолданылады.
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 7 мамырдағы №135-ө "Қоғамдық тыңдауларды өткізу ережесін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес сауалнама нысанын жүргізу кезінде бастамашы мүдделі тұлғаларға сауалнама нысанын жібереді. Нысан обьектілердің ІІІ және IV санатына қолданылады.