Атырау өңірінде орналасқан Жайық және Қиғаш өзендерінің түбін тереңдету жұмыстары жүргізіліп жатырғандығы туралы БАҚ өкілдерінен көріп жүрміз, бұл жұмыстардан қандай нәтижелер күтілуде және жалғасын таба ма?

    Атырау облысының әкімдігі

    Сұрақ

    Атырау өңірінде орналасқан Жайық және Қиғаш өзендерінің түбін тереңдету жұмыстары жүргізіліп жатырғандығы туралы БАҚ өкілдерінен көріп жүрміз, бұл жұмыстардан қандай нәтижелер күтілуде және жалғасын таба ма?

    Жауап

    Қазіргі таңда Атырау облысының халқы үшін су мәселесі стратегиялық, әлеуметтік-экономикалық аса маңызы бар үлкен мәселе болып отыр.

    Атап айтсақ, Жайық және Қиғаш өзендеріне көктемгі өр суының тым аз мөлшерде келуі, өзектерге судың шықпай қалуы, каналдардың құрғап қалуы балық шаруашылықтарының дамуына кері әсерін тигізуде.

    Осыған байланысты, Балық шаруашылығы басқармасының сұранысы бойынша Жайық және Қиғаш өзендерінде балық көлемін ұлғайту, балықтардың еркін қозғалысын қамтамасыз ету, балық қорын сақтап қалу және балықтардың тіршілік етуіне қолайлы жағдайлар жасау мақсатында Атырау қаласында Яицкий (судоходный) каналын, Құрманғазы ауданынында Ганюшкин және Жарқосы каналдарын (Шароновка өзені) түп тереңдету жұмыстары жүргізілуде. (Жайық өзенінде 23,509 км.түп тереңдету және 16,9 км. жаңа арна құрылысын жүргізу, Қиғаш өзенінде 150,7 км. Түп тереңдету жұмыстарын жүргізу қарастырылған). Бұл жұмыстар жоспарға сай биылғы жылы аяқталу қажет.

    Сонымен қатар, алдағы уақытта бұл жұмыстарды жалғастыру мақсатында, Жайық өзенінде қосымша 33,8 және Қиғаш өзенінде 225,8 километрді құрайтын жанама су айдындарын (каналдар) түптереңдету жұмыстары жоспарлануда, қазіргі таңда облыстық құрылыс басқармасының тапсырысына сәйкес «Стройтех» ЖШС-мен жобалық-сметалық құжаттама жасақталуда.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Көпқабатты тұрғын үйге қызмет көрсететін ұйымды қалай білуге болады?

    Жауап

    - 1. Үйге қызмет көрсететін ұйым туралы ақпаратты ПИК/МИБ-тен немесе қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінен алуға болады. Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тұрғын үй секторына жауапты жергілікті орган бол...

    Сұрақ

    Аулаға жаяу жүргінші жолын салу мүмкін бе?

    Жауап

    -Аулаға жаяу жүргінші жолын салу мәселесі бекітілген жоспарлар мен бюджетке сәйкес қаралады. Егер аула ортақ пайдалану аумағы болса – жергілікті әкімдік арқылы шешіледі. Егер жер кондоминиумға (үйге) тиесілі болса – тұрғындардың келісімі міндетті. Қазақстан Республикасының 2001 ж...

    Сұрақ

    Қаладағы мәдени іс-шаралар туралы ақпаратты қайдан білуге болады?

    Жауап

    - Қаладағы мәдени іс-шаралар туралы ақпарат бірнеше ресми және жедел ақпарат көздері арқылы таратылады. Әрқайсысының өз ерекшелігі бар: Ресми сайттар (негізгі және сенімді ақпарат) Әкімдіктің ресми сайтында іс-шаралардың жоспары, уақыты, орны нақты көрсетіледі; Бұл – ең сенімді ж...

    Сұрақ

    Қала аумағын көгалдандыру бойынша ұсыныс қалай беріледі?

    Жауап

    - 1. Ұсыныс дайындау. Ұсыныста мыналар көрсетіледі: көгалдандыру қажет нақты аумақ (көше, аула, саябақ, бос жер); қандай жұмыстар қажет (ағаш отырғызу, гүлзар, газон, суару жүйесі т.б.); не үшін қажет екені (шаң, ыстық, қауіпсіздік, көрік беру); өтініш берушінің аты-жөні, байланы...

    Сұрақ

    Медициналық ұйымға (емханаға) қалай бекітілуге болады?

    Жауап

    - Көрсетілетін қызметті тұрғылықты жері өзгерген жағдайда (көшіп – қону), бекітілімнің медициналық ұйымын (жылына 2 мәрте еркін бекітілуге болады), бекіту науқаны кезінде 1 қыркүйектен 1 қарашаға дейін (бекіту келесі жылдың қаңтарынан бастап күшіне енеді) пайдалануға болады. ҚР Д...

    Сұрақ

    Қандай жағдайда дәрігерді үйге шақыруға болады?

    Жауап

    - Дәрігерді үйге шақыру – бұл науқастың жағдайына байланысты медициналық бақылау мен көмек алу мүмкіндігі, әсіресе, ол емханаға немесе стационарға өздігінен бара алмайтын жағдайда қолданылады. Қазақстан Республикасында бұл қызмет ГОБМП (гарантталған тегін медициналық көмек) және...

    Сұрақ

    Жедел жәрдем қандай жағдайда шақырылады?

    Жауап

    - Жедел жәрдем – бұл науқастың өміріне немесе денсаулығына қауіпті жағдайларда дереу медициналық көмек көрсету қызметі. Қазақстан Республикасында жедел жәрдем қызметі ГОБМП (Гарантталған тегін медициналық көмек) және МӘМС жүйесі аясында тегін көрсетіледі. Жедел жәрдем шақыруға кө...

    Сұрақ

    ҚР-дағы Тіл туралы заңнамасын бұзғаны үшін қандай жауаптылық көзделген?

    Жауап

    - "Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы" ҚР заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық Әкімшілік-құқық бұзушылық туралы Кодекстің 75,455-баптарына сәйкес жүзеге асырылады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 75-бабына сәйкес тіл туралы заңның 21-бабында көрсетілген талаптарды са...