Жайық өзенінен су алу көлемін мейлінше азайту арқылы оған түсетін салмақты азайту мақсатында, Атырау және Маңғыстау елді мекендерін сумен қамтамасыз ету үшін Ақтөбе облысы аумағында орналасқан «Көкжиде» жер асты суы кен орнын су қорын барлау жұмыстарын жүргізуге, Ақтөбе облысы әкімдігіне республикалық бюджеттен қаржы қолдау тапты.
Қазіргі уақытта, «Көкжиде» жер асты тұщы су қорларын қайта бағалау жұмыстарын жүргізу үшін Ақтөбе облысы әкімдігіне 2019-2021 жылдарға 1 млрд 161 млн.теңге көлеміндегі қаражат республикалық бюджеттен қаралып, 2019 жылға 300 млн.тг жұмыстары атқарылып, 2020 жылға 431 млн. тг бөлініп, жұмыстар «Ақпан» ЖШС-мен жүргізілуде.
Бұл барлау жұмыстары аяқталған соң, жер асты тұщы су құбырын жүргізу мәселесі қарастырылатын болады.