Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің "Мемлекеттік меншіктегі жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, теміржолдарды салу (реконструкциялау) және жөндеу мақсаттары үшін, сондай-ақ гидроқұрылысжайларды және гидротехникалық құрылысжайларды реконструкциялау және жөндеу үшін пайдаланылатын кең таралған пайдалы қазбаларды барлауды немесе өндіруді жүргізуге жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 7 сәуірдегі № 188 бұйрығының 9 тармағына сәйкес барлауға арналған рұқсат және өндіруге арналған рұқсат тек қана көрсетілген объектілерді салуға (реконструкциялауға) немесе жөндеуге тапсырыс беруші болып табылатын мемлекеттік орган осы мақсаттар үшін бекітілетін тізбеден мемлекеттік меншіктегі жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, теміржолдарды салу (реконструкциялау) немесе жөндеу бойынша мердігерге (қосалқы мердігерге) беріледі делінген.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруге рұқсат алатын кейбір мердігерлік (қосалқы мердігерлік) ұйымдардың тізбесін бекіту туралы» 2020 жылғы 12 мамырдағы №283 бұйрығымен бекітілген тізімдемеде болуы шарт.