Қазіргі таңда, жер қойнауын пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексімен реттеледі. Кодекске сәйкес, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру лицензия рәсімдеу арқылы жүзеге асырылады. Яғни конкурстар ұйымдастырылмайды.
Кодекстің 70-бабына сәйкес, мемлекеттік жер қойнауы қорын ұтымды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және Қазақстан Республикасының минералдық-шикізаттық базасын молайту мақсатында мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасы әзірленді. Бұл бағдарламадан, яғни интерактивті картадан белгілі бір учаскенің басқа жер қойнауын пайдаланушылардан бос не бос емес екендігі жөнінде біле аласыз. Интерактивті картамен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің сайтынан таныса аласыз.