Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №750 бұйрығымен бекітілген Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларының 22-тармағына сәйкес құрылыс жөніндегі жобаларды іске асыру жер учаскесіне тиісті құқығы негізінде және келесі кезеңдерде жүзеге асырылады деп көрсетілген:
1) Құрылыс жобаларын әзірлеу үшін бастапқы материалдарды алу, яғни СЖТ (сәулет-жоспарлау тапсырмасы);
2) Эскизді (эскиздік жобаны) әзірлеу және келісу. Жобалауға лицензиясы бар мекемелерден эскиздік жоба дайындап, elicense.kz/LicensingContent/ActivityField?ActivityField.Id=37 немесе www.eeAtyrau.kz порталдары арқылы келісімге тапсыруыңыз қажет және мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес көрсетілген мерзімде өтінішіңіз қаралатындығын қаперіңізге беріледі;
3) Жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу және құрылыс жобаларын ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өткізу;
4) Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарға құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлау және құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру;
5) Салынған объектіні қабылдау және пайдалануға беру.