Төтенше жағдай кезінде қандай мемлекеттік көрсетілетін қызметтер танымал болып қалады? («42500» және ЭЦҚ қоспағанда

    Атырау облысының әкімдігі

    Сұрақ

    Төтенше жағдай кезінде қандай мемлекеттік көрсетілетін қызметтер танымал болып қалады? («42500» және ЭЦҚ қоспағанда

    Жауап

    Төтенше жағдай кезінде қазақстандықтар 8,2 миллионнан астам мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрін алды. Оның ішінде Электрондық цифрлық қолтаңбаны онлайн алу және «42500 жәрдемақы алуға» өтінім беру қызметтері неғұрлым танымал болып отыр. Алайда, азаматтар арасында әлі де сұранысқа ие болып отырған басқа да бірқатар мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бар. Біз ең танымал деген мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге, оларды қалай алу туралы қысқаша ақпарат бере отырып, шолу жасаймыз. Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайларын анықтау (ТЖ режимі басталғаннан бері 130 мыңнан астам анықтама алынды). Қызметті алу үшін Egov.kz порталында авторизациядан өтіп, онлайн режимінде қызметке тапсырыс беру керек. Содан кейін өтінімді толтырып, жіберіңіз. Осыдан кейін Пайдаланушы «Қызметтерді алу тарихы» бөліміндегі дайын анықтаманы оқи алады. Толығырақ -egov.kz/cms/ru/services/buy_sale/pass668_mir. Базалық зейнетақы төлемінің мөлшері туралы ақпарат алу (шамамен 105 мың анықтама берілген). Базалық зейнетақы мөлшерін есептеу қызметіне eGov.kz порталының басты бетінде тапсырыс беруге болады. Ол үшін кез-келген ыңғайлы әдіспен (логин / пароль, ЭЦҚ, SMS паролі арқылы) авторизациядан өту қажет, 3 қарапайым қадамнан өтіп, анықтама алыңыз. Дайын анықтама Жеке кабинеттің «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде қолжетімді болады. Толығырақ -egov.kz/services/P6.13.2/. Жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтаманы ресімдеу (90 мыңнан астам анықтама). Бұл қызметті eGov.kz порталынан онлайн режимінде ала аласыз, ол үшін авторизациядан өтіп, қызметке тапсырыс беру керек. Одан кейін өтінімді толтырып, оған екі әдіспен ЭЦҚ немесе SMS паролі арқылы қол қоюыңыз керек. Екінші әдіс үшін Мобильді азаматтар базасында тіркелу қажет. Содан кейін 20 минут ішінде Порталдың жеке кабинетінде дайын анықтама көрінеді. Толығырақ -egov.kz/cms/ru/services/buy_sale/pass077_mu Өтініш берушінің атаулы әлеуметтік көмек алушыларға жататындығын растайтын анықтама алу (шамамен 71,5 мың анықтама) Бұл анықтаманы алу үшін «Электрондық үкімет» порталында авторизациядан өту қажет, содан кейін өтінімді толтырып, оған ЭЦҚ қою керек. Пайдаланушының Жеке кабинетіне кіріп, анықтаманы көре аласыз («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде). Толығырақ -egov.kz/cms/ru/services/family_support/pass175_mtszn Зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат беру (70 мыңнан астам анықтама). Egov.kz порталында жинақталған зейнетақы қаражатының санын «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшысының (алушының) зейнетақы жинақтарының жай-күйі (инвестициялық кірістерді қоса алғанда) туралы ақпарат беру» қызметін пайдалану арқылы тексеруге болады. Ол үшін Порталға кіріп авторизациядан өту қажет, содан кейін өтінімді толтырып,оған ЭЦҚ қол қою қажет. Бірнеше минуттан кейін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жиналған қаражаттың мөлшері туралы ақпарат шығады. Толығырақ -egov.kz/cms/ru/services/pension/pass111_enpf «Электрондық үкімет» порталында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 80 пайызы автоматтандырылғаны туралы естеріңізге сала кетейік. Оларды eGov.kz порталынан, eGovMobile мобильді қосымшасынан және Telegram, Facebook және ВКонтакте мессенджерлеріндегі чат-боттардан да алуға болады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Көпқабатты тұрғын үйге қызмет көрсететін ұйымды қалай білуге болады?

    Жауап

    - 1. Үйге қызмет көрсететін ұйым туралы ақпаратты ПИК/МИБ-тен немесе қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінен алуға болады. Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тұрғын үй секторына жауапты жергілікті орган бол...

    Сұрақ

    Аулаға жаяу жүргінші жолын салу мүмкін бе?

    Жауап

    -Аулаға жаяу жүргінші жолын салу мәселесі бекітілген жоспарлар мен бюджетке сәйкес қаралады. Егер аула ортақ пайдалану аумағы болса – жергілікті әкімдік арқылы шешіледі. Егер жер кондоминиумға (үйге) тиесілі болса – тұрғындардың келісімі міндетті. Қазақстан Республикасының 2001 ж...

    Сұрақ

    Қаладағы мәдени іс-шаралар туралы ақпаратты қайдан білуге болады?

    Жауап

    - Қаладағы мәдени іс-шаралар туралы ақпарат бірнеше ресми және жедел ақпарат көздері арқылы таратылады. Әрқайсысының өз ерекшелігі бар: Ресми сайттар (негізгі және сенімді ақпарат) Әкімдіктің ресми сайтында іс-шаралардың жоспары, уақыты, орны нақты көрсетіледі; Бұл – ең сенімді ж...

    Сұрақ

    Қала аумағын көгалдандыру бойынша ұсыныс қалай беріледі?

    Жауап

    - 1. Ұсыныс дайындау. Ұсыныста мыналар көрсетіледі: көгалдандыру қажет нақты аумақ (көше, аула, саябақ, бос жер); қандай жұмыстар қажет (ағаш отырғызу, гүлзар, газон, суару жүйесі т.б.); не үшін қажет екені (шаң, ыстық, қауіпсіздік, көрік беру); өтініш берушінің аты-жөні, байланы...

    Сұрақ

    Медициналық ұйымға (емханаға) қалай бекітілуге болады?

    Жауап

    - Көрсетілетін қызметті тұрғылықты жері өзгерген жағдайда (көшіп – қону), бекітілімнің медициналық ұйымын (жылына 2 мәрте еркін бекітілуге болады), бекіту науқаны кезінде 1 қыркүйектен 1 қарашаға дейін (бекіту келесі жылдың қаңтарынан бастап күшіне енеді) пайдалануға болады. ҚР Д...

    Сұрақ

    Қандай жағдайда дәрігерді үйге шақыруға болады?

    Жауап

    - Дәрігерді үйге шақыру – бұл науқастың жағдайына байланысты медициналық бақылау мен көмек алу мүмкіндігі, әсіресе, ол емханаға немесе стационарға өздігінен бара алмайтын жағдайда қолданылады. Қазақстан Республикасында бұл қызмет ГОБМП (гарантталған тегін медициналық көмек) және...

    Сұрақ

    Жедел жәрдем қандай жағдайда шақырылады?

    Жауап

    - Жедел жәрдем – бұл науқастың өміріне немесе денсаулығына қауіпті жағдайларда дереу медициналық көмек көрсету қызметі. Қазақстан Республикасында жедел жәрдем қызметі ГОБМП (Гарантталған тегін медициналық көмек) және МӘМС жүйесі аясында тегін көрсетіледі. Жедел жәрдем шақыруға кө...

    Сұрақ

    ҚР-дағы Тіл туралы заңнамасын бұзғаны үшін қандай жауаптылық көзделген?

    Жауап

    - "Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы" ҚР заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық Әкімшілік-құқық бұзушылық туралы Кодекстің 75,455-баптарына сәйкес жүзеге асырылады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 75-бабына сәйкес тіл туралы заңның 21-бабында көрсетілген талаптарды са...