Уақытылы диагностика Қазақстан аумағында жаңа коронавирустың пайда болу және таралу қаупі туындаған кезде маңызды іс-шаралардың бірі болып табылады. Денсаулық сақтаудың ғылыми ұйымдары жаңа коронавирус гендерінің құрылымы туралы ақпарат пайда болған сәттен бастап 7 күннен аз уақыттың ішінде адам ағзасында вирустың болуын анықтау үшін диагностикалық жиынтықтардың екі нұсқасын әзірледі. Жинақтар полимераздық тізбектік реакция (ПТР) деп аталатын зерттеудің молекулалық-генетикалық әдісіне негізделген. Бұл әдісті пайдалану тест-жүйелерге елеулі артықшылықтар береді. Бірінші – жоғары сезімталдық – әзірленген тест-жүйелерді пайдалана отырып, вирустардың жеке көшірмелерін табуға болады. Екінші – ауруды диагностикалау үшін қан алудың қажеті жоқ, мұрын- жұтқыншақтан мақталы тампонмен үлгі алу жеткілікті. Үшінші-талдау нәтижесін 2-4 сағаттан кейін алуға болады. Қазақстанның барлық аумағы бойынша диагностикалық зертханаларында диагностиканың әзірленген құралдарын пайдалану үшін қажетті жабдықтар мен мамандар бар.