Ең маңыздысы – қол мен беттердің тазалығын сақтау. Қолды таза ұстаңыз, оларды сабынмен жиі жуыңыз немесе дезинфекциялау құралын пайдаланыңыз. Сондай-ақ ауызыңызды, мұрныңызды немесе көзіңізді жуылмаған қолмен ұстамауға тырысыңыз (әдетте мұндай ойланбастан ұстау сағатына орта есеппен 15 рет болады). Кез келген жағдайда қолды тазалау үшін қолды дезинфекциялаушы құралды өзіңізбен бірге алып жүріңіз. Әрқашан тамақ алдында қолыңызды жуыңыз. Әсіресе, адам көп орындарда, әуежайларда және басқа да қоғамдық көлік жүйелерінде болған кезде абай болыңыз. Осындай жерлерде орналасқан заттарды және олардың үстіңгі беттерін ұстауды барынша азайтыңыз, бетіңізге тимеңіз. Бір реттік салфеткаларды өзіңізбен бірге алып жүріңіз және жөтелгенде немесе түшкіргенде әрдайым мұрын мен аузыңызды жабыңыз, оларды қолданғаннан кейін міндетті түрде жойыңыз. Егер басқа адамдар жалпы орамға немесе ыдысқа саусақтарын салса, одан тамақ ішпеңіз. Эпидемиологиялық ахуал тұрақтанғанша құттықтап, қол қысулар мен беттен сүюден аулақ болыңыз. Жұмыс барысында сіз ұстайтын заттардың үстіңгі беттері мен құрылғыларды (компьютердің пернетақтасы, жалпы пайдаланатын оргтехника панельдері, смартфон экраны, пульттер, есік тұтқалары мен ұстағыштар) үнемі тазалаңыз.