Қандай жағдайларда Қазақстан Республикасынан шығуға уақытша шектеу қойылады?
Сот орындаушысы: атқарушылық құжаттың мерзімді төлемдерді өндіріп алу туралы талаптары үш айдан астам, республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген қырық еселенген айлық есептік көрсеткішке тең не одан асатын сомаға атқарушылық құжаттың талаптары орындалмаған жағдайда борышкер болып табылатын жеке тұлғаның, заңды тұлға басшысының (міндетін атқарушының) Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу туралы қаулы шығаруға міндетті (Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-IV «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 33-б. 1-т.).