Ауызша нысанда берілген жолданымды әкімшілік органның жолданымды қабылдаған лауазымды адамы немесе жұмыскері жекелеген хаттамаға енгізеді. Жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында берілген жолданымда, хаттамада: жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде); жолданым берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы; жолданымның мәні; 4) жолданымның берілген күні; 5) арыз иесінің немесе оның өкілінің қолы; 6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі. Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, арыз иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс ( Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 63 бабы).