Тауар белгілеріне құқық аумақтық сипатта болады. Яғни, тауар белгілерін құқықтық қорғау тек тіркелген мемлекетте ғана қолданылады.
Бұл ретте, «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабына сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кез келгенінің аумағында айналымға құқыққа сыйымды енгізілген тауарларға қатысты осы тауар белгісін тікелей тауар белгісі иесінің (құқық иеленушінің) немесе оның келісімімен басқа да тұлғалардың пайдалануы тауар белгісіне айрықша құқықты бұзу болып табылмайды.
Осылайша, тіркелген тауар белгісінің өнімін Еуразиялық экономикалық одақ шегінде экспорттау кезіндегі шектеулер, оны Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық айналымға заңды түрде енгізген жағдайда қолданылмайды; Еуразиялық экономикалық одақтан тыс жерлерге экспорттау кезіндегі шектеулер аумақтылық принципіне байланысты әрбір мемлекетте қолданылады.