Мүлік иелерінің бірлестігінің жарғысы нені қамтуы керек?

    Жамбыл облысының Әділет департаменті

    Сұрақ

    Мүлік иелерінің бірлестігінің жарғысы нені қамтуы керек?

    Жауап

    Мүліктің меншік иелері бірлестігінің жарғысында: мүліктің меншік иелері бірлестігінің атауы, қызмет нысанасы мен мақсаттары, орналасқан жері; басқару органдарының құрылымы, оларды қалыптастыру тәртібі және құзыреті; пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің құқықтары мен міндеттері;мүліктің меншік иелері бірлестігінің мүлкін қалыптастыру көздері; мүліктің меншік иелері бірлестігінің жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі; мүліктің меншік иелері бірлестігі таратылған жағдайда мүлікті пайдалану тәртібі, оны қайта ұйымдастыру және қызметін тоқтату шарттары көзделуге тиіс.

    Мүліктің меншік иелері бірлестігінің жарғысында Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де ережелер қамтылуы мүмкін.

    Мүліктің меншік иелері бірлестігі өз қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыруға құқылы (Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi N 94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 44-2 б.).

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Шетелге ресми органдардан шығатын құжаттарға апостиль қажет болғанда, оны қалай жасауға болады?

    Жауап

    Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ресми құжаттарға апостиль таңбасын қоюға құжаттар қағаз жүзінде Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы тапсыру немесе egov.kz электронды порталында да электронды өтінім беру арқылы құжаттарды апостильдеу мүмкіндігі бар.Ол үшін электронды цифрлы қолт...

    Сұрақ

    Заңды тұлғаны тіркеу қанша уақытта болады, яғни тіркеу мерзімдері бар ма?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Заңды тұлғаларды тіркеу,олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу туралы» Заңының 9 бабында заңды тұлғаның тіркеу мерзімдері нақты көрсетілген, ол 5 жұмыс күн. Егерде тіркеуге ұсынған құжаттарда қандайда бір кемшіліктер болса, онда тіркеу мерзі...

    Сұрақ

    Электронды түрде заңды тұлғаны тіркеу мүмкін бе, оның жолдары қандай?

    Жауап

    Электронды түрде коммерциялық ұйымдар –яғни, жауапкершілігі шектеулі серіктестігін тіркеу мүмкіндігі бар, ол үшін өтініш иесі электронды цифрлы қолтаңба алып, egov.kz электронды порталында өз кәсібін бастау туралы хабарлама тіркейді, ол не бары 10-15 минут уақыт алады және де ол...

    Сұрақ

    Егер борышкер жұмыс істемесе, алимент бойынша берешек қалай анықталады?

    Жауап

    Егер алимент төлеуге міндетті адам осы кезеңде жұмыс істемеген болса немесе оның жалақысы мен өзге де кірісін растайтын құжаттар ұсынылмаса, ай сайынғы төлемдер және (немесе) алимент бойынша берешек сол берешекті өндіріп алу кезіндегі Қазақстан Республикасындағы орташа айлық жала...

    Сұрақ

    Алимент қандай кірістерден ұсталады?

    Жауап

    Кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға ата-анасы алатын ақшалай (ұлттық және (немесе) шетелдік валютада) жалақының (ақшалай сыйақы, үлес) және өзге де кірістің барлық түрлерінен, оның ішінде: 1) қызметкерлерге нақты жұмыс істеген уақыты үшін немесе орындаған жұмысы үшін еңбек...

    Сұрақ

    Алимент қай сәттен бастап есептеледі?

    Жауап

    Алимент алуға құқығы бар адам, егер бұрын алимент төлеу туралы келісім бойынша алимент төленбеген болса, алимент алу құқығы туындаған кезден бастап өткен мерзімге қарамастан, сотқа алимент өндіріп алу туралы өтініш жасауға құқылы. Алимент сотқа өтініш жасалған кезден бастап тағай...

    Сұрақ

    Алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда не істеу керек?

    Жауап

    Алимент төлеу туралы келісім болмаған кезде сот кәмелетке толмаған балаларға олардың ата-аналарынан алиментті ай сайын мынадай мөлшерде: бір балаға - ата-анасы табысының және (немесе) өзге де кірісінің - төрттен бір бөлігін; екі балаға - үштен бір бөлігін; үш және одан да көп бал...

    Сұрақ

    Сатылған мүлікке салған ауыртпалықтарды алып тастау тәртібі қандай?

    Жауап

    Борышкер сот орындаушысы мүлікке тыйым салуды қолданғаннан және бағалау жүргізгеннен кейін және мүлік алып қойылғанға немесе өткізілгенге дейін сот орындаушысының жазбаша рұқсатымен және ол белгілеген мерзімде тыйым салынған мүлікті бағалау құнынан төмен болмайтын құн бойынша өтк...