Шаруа қожалығының қайтыс болуына байланысты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 436 бұйрығымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары шеңберінде субсидиялау шарттарында қарыз алушыны ауыстыруға қатысты мәселесі

    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

    Сұрақ

    Шаруа қожалығының қайтыс болуына байланысты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 436 бұйрығымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары шеңберінде субсидиялау шарттарында қарыз алушыны ауыстыруға қатысты мәселесі

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі - ҚР КК) 41-бабының 2-тармағына сәйкес шаруа немесе фермер қожалығы нысандарында болуы мүмкін:

    1) кәсіпкерлік қызмет ортақ бірлескен меншік базасына негізделген отбасылық кәсіпкерлік нысанында жүзеге асырылатын шаруа қожалығы;

    2) өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асыруға негізделген фермер қожалығы;

    3) бірлескен қызмет туралы шарт негізінде ортақ үлестік меншік базасында жай серіктестік нысанында ұйымдастырылған фермер қожалығы нысандарында болуы мүмкін.

    Шаруа немесе фермер қожалығы басшысының қайтыс болуына байланысты субсидиялау шарттарындағы қарыз алушыларды ауыстыру туралы мәселені шаруа немесе фермер қожалығының нысанына байланысты қарауға болады.

    ҚР КК 41-бабы 2-тармағының 1 және 3) тармақшаларына сәйкес бірлескен қызмет туралы шарт негізінде жай серіктестік нысанында ұйымдастырылған шаруа немесе фермер қожалығы бірнеше мүшеден тұрады.

    ҚР АК 46-бабының 1-тармағына және ҚР АК 224-бабының 1-тармағына сәйкес шаруа қожалығының мүлкі, егер оның мүшелерінің арасындағы шартта өзгеше белгіленбесе, оларға бірлескен меншік құқығымен тиесілі болады.

    Бірлескен қызмет туралы шарт негізінде жай серіктестік нысанында ұйымдастырылған фермер қожалығының мүлкі оның мүшелеріне ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі болады.

    ҚР ПК 42-бабының 1-тармағында он сегіз жасқа толған, әрекетке қабілетті Қазақстан Республикасының азаматы, шаруа немесе фермер қожалығының басшысы бола алады деп көрсетілген.

    Бұл ретте, PK Кодексінің 43-бабы 4-тармағының 3) тармақшасына сәйкес шаруа немесе фермер қожалығының басшысы ауысқан жағдайда, оның мүшелері бұл туралы шаруашылықты тіркеген органдарға жалпы өтінішпен хабарлайды.

    Осылайша, егер шаруа немесе фермер қожалығын бірнеше мүше құрса, онда шаруа немесе фермер қожалығының басшысын оның мүшелері сайлайды.

    Демек, шаруа немесе фермер қожалығының басшысы қайтыс болған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығының мүшелері өзара келісім бойынша шаруа немесе фермер қожалығының басқа мүшесін шаруа немесе фермер қожалығының басшысы деп тануы мүмкін.

    ҚР КК 43-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес шаруа немесе фермер қожалығының басшысы жеке және заңды тұлғалармен қатынастарда оның мүдделерін білдіреді, ҚР заңдарында тыйым салынбаған азаматтық-құқықтық мәмілелерді жүзеге асырады.

    Осыған байланысты, шаруа немесе фермер қожалығының жаңа басшысы ҚР заңдарында тыйым салынбаған кез келген азаматтық-құқықтық мәмілелерді жүзеге асыруға, оның ішінде шаруа немесе фермер қожалығы басшысының қайтыс болуына байланысты қарыз алушыны ауыстыру бөлігінде жоғарыда көрсетілген қағидалар шеңберінде субсидиялау шартына қосымша келісімге қол қоюға құқылы.

    «Соттардың мұрагерлік туралы заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2009 жылғы 29 маусымдағы № 5 нормативтік қаулысының 29-тармағында егер шаруа немесе фермер қожалығын құру туралы шартта осындай қожалық мүшелеріне мұрагерлерді қабылдау көзделсе, онда шаруа немесе фермер қожалығы жалпы жиналысы мүшелерінің келісімімен осындай қожалықтың қайтыс болған мүшесінің мұрагері мұрагерлік үлесінің шегінде мүшелікке қабылдануы мүмкін деп көрсетілген.

    Шаруа немесе фермер қожалығының мүлкі осындай қожалық қызметі тоқтатылған жағдайда ғана мұрагерлер арасында бөлінуі мүмкін.

    ҚР КК 41-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес фермерлік шаруашылықты бір тұлға құра алады. Бұл жағдайда бұл адам фермер қожалығының жалғыз мүшесі және оның басшысы болып табылады.

    ҚР АК 46-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - ҚР АК) 224-бабының 1-тармағына сәйкес бірлескен қызмет туралы шарт негізінде жай серіктестік нысанында ұйымдастырылған фермер қожалығының мүлкі оның мүшелеріне жеке меншік құқығымен тиесілі болады.

    Шаруашылықтың басшысы мен жалғыз мүшесі қайтыс болған жағдайда, мұрагер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұра қабылдағаннан кейін субсидиялау шартында қарыз алушыны ауыстыру жүзеге асырылуы мүмкін.

    1082-бапқа сәйкес шаруа немесе фермер қожалығының мүшесі қайтыс болған жағдайда мұра жалпы ережелер бойынша ашылады.

    Бұл ретте, мұраның құрамына мұра қалдырушыға тиесілі мүлік, сондай-ақ оның қайтыс болуына байланысты қолданылуы тоқтамайтын құқықтар мен міндеттер кіреді (PK АК 1040-бабының 1-тармағы).

    Мұра ашылу күнінен бастап алты ай ішінде мұра қабылдануы мүмкін (ҚР АК 1072-2-Б.1-т.).

    Мұрагерлікке құқық туралы куәлік мұра ашылған күннен бастап алты ай өткеннен кейін беріледі. Өсиет бойынша да, заң бойынша да мұрагерлік кезінде, егер нотариуста куәлік берілуін сұраған адамдардан басқа тиісті мүлікке не бүкіл мұраға қатысты басқа мұрагерлер туралы анық деректер болмаса, куәлік аталған мерзім өткенге дейін де берілуі мүмкін (ҚР АК 1073-бабының 2-тармағы).

    Осылайша, ҚР АК 1040 п 1038 нормаларына сәйкес қайтыс болған азаматтан басқа адамдарға тиесілі мүлік, сондай-ақ оның қайтыс болуына байланысты қолданылуы тоқтамайтын құқықтары мен міндеттері ауысады.

    Бұл ретте, қайтыс болған азаматтың мұрасы басқа адамдарға әмбебап құқық мирасқорлығы талаптарымен, егер ҚР АК 6-бөлімінің ережелерiнен өзгеше туындамаса, бiрыңғай тұтас нәрсе ретiнде және бiр-ақ мезгiлде ауысады.

    ҚР АК 1072-бабының 4-тармағында қабылданған мұра, оны iс жүзiнде қабылдаған уақытқа қарамастан, сондай-ақ мұрагердiң мұраға қалдырған мүлiкке құқығы мемлекеттiк тiркелуге тиiстi болғанда, мұндай құқықтың мемлекеттiк тiркелген кезiне қарамастан, мұраның ашылған күнiнен бастап мұрагерге тиесiлi деп танылады..

    ҚР АК 1042 - бабының 2-тармағына сәйкес мұра қалдырушының қайтыс болған күнi, ал оны қайтыс болған деп жариялаған кезде, егер сот шешімінде басқа күн көрсетiлмесе, азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешiмi күшiне енген күн мұраның ашылу уақыты болып табылады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Чилиден рапстың тәжірибелік тұқымдарын әкелу үшін Қазақстанның карантин қызметі қандай құжаттарды талап етеді? Чилиден рапстың коммерциялық гибридтерін әкелу үшін Иста (ISTA) сертификаты талап етіле ме?

    Жауап

    «Еуразиялық экономикалық одақта өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету туралы» Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 318 шешіміне сәйкес, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасында және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында карантиндік фитосани...

    Сұрақ

    Биологиялық препаратты тіркеу рәсімі бойынша ақпарат беру

    Жауап

    Өсімдік қорғау саласындағы заңнамаға сәйкес биологиялық препараттар пестицидтер ретінде жіктеледі және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4-4/61 бұйрығымен бекітілген Пестицидтерді тіркеу (шағын учаскелік және өндірістік) сынақтарын өтк...

    Сұрақ

    Қытайға өсімдік шаруашылығы өнімдерін, оның ішінде майлы дақылдарды экспорттауға өтінім беру және рұқсат алу үшін қажетті құжаттар мен мәліметтердің толық тізбесін нақтылауыңызды сұраймын

    Жауап

    Қытай Халық Республикасының Бас кеден басқармасының (бұдан әрі – ҚХР БКБ) Тізіліміне (Реестріне) ену және өсімдік шаруашылығы өнімдерін экспорттауға рұқсат алу үшін қытай тарапының талаптарына сәйкес бірнеше процедураларды орындау қажет. Қазақстандық кәсіпорындар өсімдік шаруашыл...

    Сұрақ

    Қой шаруашылығында қандай субсидиялау түрлері бар?

    Жауап

    Субсидияларды беру Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына» сәйкес жүзеге асырылады (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрін...

    Сұрақ

    Мал шаруашылығы саласындағы субсидиялар неліктен уақытылы төленбейді?

    Жауап

    Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығы) сәйкес субсидия көлемі тиісті айға арналған қаржыландыру жоспар...

    Сұрақ

    ЕО-дан Қазақстан Республикасының аумағына ірі қара малға арналған жемшөп қоспаларын әкелу бойынша түсініктеме сұрау

    Жауап

    «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі N 339 Заңының 24-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасында ветеринариялық препараттарды және жемшөп қоспаларын өндіруге, әкелуге, өткізуге және пайдалануға, сандық сынақтарды жүргізу үшін қажетті өн...

    Сұрақ

    Жер учаскесінде асыл тұқымды жылқыларды өсіру мәселесі бойынша түсініктемелер

    Жауап

    Ереже ауыл шаруашылығы жануарларын ұстайтын барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады. Ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау кезінде иелері: 1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы бұйрығымен бекітілген Ветеринариялық (ветеринариялық-санит...

    Сұрақ

    Ветеринариялық препараттарды сақтауға арналған қойма үй-жайларына ветеринариялық-санитариялық талаптарды қолдану мәселелері бойынша түсіндірмелер

    Жауап

    Ветеринариялық препараттар мен жемшөп қоспаларын сақтауға арналған үй-жайларға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің № 7-1/848 бұйрығымен бекітілген Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіретін, сақтайтын және өткізетін ұйы...