Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегі № 2198 «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңының 14-2 бабының 2 тармағына сәйкес, басшы өзгерген (басшы тағайындалған, басшының міндетін атқарушы тағайындалған, заңды тұлғаның мүлкін және қызметін басқарушы тағайындалған, басшы лауазымынан шеттетілген) кезде тіркеуші органға хабарлама жолдай отырып «Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің Ұлттық тiзiлiмi» деректер қорына тиісті мәліметтер енгізіледі.
Өзгерістер мен толықтырулар электрондық хабарлама негізінде автоматты режимде енгізіледі.
Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) тіркеу және өзге де мәліметтеріне өзгерістер мен толықтырулар электрондық хабарлама берілген кезден бастап үш жұмыс күні ішінде енгізіледі.
Заңды тұлға, филиал (өкілдік) енгізілген мәліметтердің толықтығы және анықтығы үшін жауапты болады.