«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңның 142-бабының 5-тармағына сәйкес, аттестаттаудан және тағылымдамадан өтуден босатылады:
1) Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханын тапсырған, сотта тағылымдамадан ойдағыдай өткен және облыстық немесе оған теңестірілген соттың жалпы отырысының оң пікірін алған адамдар;
2) судьялар, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 34-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 9), 10) және 12) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша судья өкілеттігін тоқтатқан адамдар;
3) прокурор немесе тергеуші лауазымында кемінде бес жыл жұмыс істеген адамдар;
4) атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік органдарда кемінде екі жыл жұмыс істеген адамдар.