Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 19 наурыздағы № 104 бұйрығымен бекітілген авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтер енгізу және олардың өзгерістері қағидаларының және оған мәліметтер енгізілгенін растайтын куәліктің нысанына 2 - қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету нысаны-электрондық (толық автоматтандырылған).
Құжаттарды "онлайн" режимінде тапсыру Қазақстан Республикасының электрондық үкімет порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда мүмкін болады www.еgov.kz немесе "ҰЗМИ" РМК сайтында тіркелу арқылы жеке кабинет арқылы www.kazpatent.kz "Авторлық құқық" бөлімінде, әрі қарай "Онлайн өтінім". Төлем кез келген банктің картасы арқылы электрондық түрде жүргізіледі.