Жеке сот орындаушысы орындауға:
1) мемлекеттен өндіріп алу;
2) дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке және олармен үлестес заңды тұлғаларға тиесілі заңды тұлғадан өндіріп алу;
3) табиғи монополиялар субъектілерінен өндіріп алу;
4) өндіріп алу мөлшері бір мың айлық есептік көрсеткіштен асатын соманы мемлекет пайдасына өндіріп алу;
5) мүлікті тәркілеу не мүлікті мемлекетке беру туралы;
6) мемлекет мүддесіне жүргізілетін үйден шығару, үйге қоныстандыру, үйлерді бұзу, жер учаскелерін алып қою және басқа да істердің санаттары туралы атқарушылық құжаттарды қоспағанда, осы Қазақстан Республикасының «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңында көзделген барлық атқарушылық құжаттарды қабылдайды.