Жұмысқа орналастыру бойынша шаблоны

    Қарағанды облысының әкімдігі

    Сұрақ

    Жұмысқа орналастыру бойынша шаблоны

    Жауап

    «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асырылуда. Оның мақсаты халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту болып табылады.

    «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 13-бабына сәйкес лайықты жұмыс іздеген жұмысы және (немесе) табысы (табысы) жоқ адам жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін өтініш білдірген кезде тікелей тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыс іздеген адам ретінде келесі құжаттардың негізінде тіркеледі: 1) жеке басын куәландыратын; 2) еңбек қызметін растайтын (бар болса); 3) білімі, біліктілігі, арнайы білімі немесе кәсіптік даярлығы (бар болса). Он алты жасқа толмаған адам, сондай-ақ оның заңды өкілдерінің бірінің жазбаша өтінішін табыс етеді.

    Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеп жүрген адам тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде оған лайықты жұмыстың бар-жоғы туралы хабардар ете отырып, лайықты жұмыс таңдау арқылы жұмысқа орналасуға өтеусіз негізде жәрдем көрсетеді.

    Сондай-ақ «Электрондық үкімет» веб-порталы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қарағанды облысы бойынша филиалы арқылы жүгінуге болады, онда бағдарлама шеңберінде оларға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары ұсынылады, олар: кәсіптік оқуға жолдама, кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу, жастар практикасына, әлеуметтік жұмыс орындарына, қоғамдық жұмыстарға жолдама.

    Сонымен қатар, сіздің өз бетіңізше жұмыс іздеу мүмкіндігіңіз бар. Бос жұмыс орындары туралы ақпарат Қазақстан Республикасының Еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтында ( www.enbek.kz) тұрақты түрде жаңартылады және орналастырылады. Оны пайдалана отырып, жұмыс берушілерден түсетін бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді жедел алуға мүмкіндігіңіз бар.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Мен Қырғызстан азаматы бола отырып, Қазақстан Республикасында жұмыс істеймін. Түсіндіріп жіберіңізші – ЕАЭО-ға кіретін мемлекеттер азаматтарының еңбек өтілі туралы мәліметтерді кім ұсынады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 23 мамырдағы № 163, ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 304 бірлескен бұйрығымен 2019 жылғы 20 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшіле...

    Сұрақ

    Айтыңызшы, инвестициялық портфельді басқарушыны қалай дұрыс таңдауға болады? Олардың саны қанша? Зейнетақы жинағын басқаруға беруге кімдердің құқығы бар? Салымдар қаншалықты қорғалған? Басқарушы компанияны таңдаған кезде басты назарды неге аударған жөн?

    Жауап

    Салымшылардың зейнетақы жинақтары зейнетақы жарналары мен оларға есептелген инвестициялық кірістерден тұрады. Зейнетақы активтерін инвестициялаумен ҚР Ұлттық Банкі және инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) айналысады. 2023 жылғы 1 шілдеде Әлеуметтік кодекс қабылданған соң,...

    Сұрақ

    Мен 61 жастамын. Жақында интернетте зейнетақы жинақтарын ең төменгі шек есебінсіз мерзімінен бұрын алуға көмек көрсету бойынша қызметтер ұсынатын хабарламаны көрдім. Оларға сенуге бола ма?

    Жауап

    Шынында да, қазір алаяқтардың әлеуметтік желілерде жалған ақпарат тарату жағдайлары жиілеп кетті. Алаяқтар зейнетақы жинақтарын ең төменгі жеткіліктілік шегін (бұдан әрі – ТЖШ) есепке алмай-ақ пайдалану мүмкіндігі туралы жазады. Бұл таратылым "жалған ақпарат" – шындыққа сәйкес ке...

    Сұрақ

    Ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап ерікті зейнетақы жарналарын аудару деректемелерінің өзгергенін естідім. Солай ма?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Банк-Клиент" қашықтан банктік қызмет көрсету жүйесіне көшуінің аяқталуына байланысты, 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап зейнетақы жарналарын БЖЗҚ-ның тек жаңа деректемелері бойынша аудару қажет. Атауы Деректемелер Бенефициардың БСК NBRKKZKX...

    Сұрақ

    Мен салымшыларға зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы хабарлау тәсілдері туралы білгім келеді. Салымшы БЖЗҚ-ға телефон нөмірінің немесе тұрғылықты мекенжайының өзгергені туралы хабарлауға міндетті ме?

    Жауап

    Қазір зейнетақы жинақтары туралы ақпараттандырудың ең жедел тәсілі – enpf.kz сайтындағы Жеке кабинет немесе БЖЗҚ ұялы қосымшасы арқылы интернет-ақпарат алу. Егер бұрын салымшы өзінің жинақтары туралы ақпаратты пошта байланысы және (немесе) электрондық пошта арқылы алған болса, қа...

    Сұрақ

    Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін беру мәселесі бойынша

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-1-бабының 8-тармағында айтылады: «жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұратылған кезде азаматтардың өтініштері (қолдаухаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үші...

    Сұрақ

    Кәсіпкерлік нысанын салу үшін немесе шаруа (фермер) қожалығы үшін жерді қалай алуға болады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48-бабына сәйкес мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін беру немесе жалға беру сауда-саттықт (конкурстарда, аукциондарда) арқылы жүзеге асырылады. Сіз аукционға қойылған жер учаскелерінің тізбесімен ozo-karaganda.kz сайтындағы «ақпараттық стен...

    Сұрақ

    Субсидияны қалай алуға болады? (ауыл шаруашылығы)

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес, облыстың жергілікті атқарушы органмымен бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, субсидияларды нақты алушыларды өтеусіз және қайтары...