«Сарыарқа» АЭА қатысушысы болу үшін өтініш беруші Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтары туралы Заңының (2011 жылғы 21 шілдедегі № 469 – IV) 10-бабында көзделген талаптарға сәйкес тиісті құжаттарды ұсына отырып, «Сарыарқа» АЭА басқарушы компаниясына (бұдан әрі-басқару органы) жүгінуі қажет.
Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыруға арналған өтінімді қарау рәсімін арнайы экономикалық аймақтың басқару органы жүзеге асырады өтінімді Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтары туралы Заңның 11-бабында (2011 жылғы 21 шілдедегі № 469-IV) көзделген жобаларды іріктеу тәртібі мен өлшемдеріне сәйкес қарайды.
Арнайы экономикалық аймақтың басқару органынан қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасу туралы хабарлама алғаннан кейін уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы туралы мәліметтерді арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының бірыңғай тізіліміне енгізеді және бұл туралы арнайы экономикалық аймақтың басқару органына хабарлайды.
Өтініш беруші арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының бірыңғай тізіліміне тиісті жазба енгізілген күннен бастап арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы болып танылады. (Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шілдедегі № 469-IV Заңының 11-бабы).