«Кен іздеушілікке арналған лицензияны беру» (қағаз түрінде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы, электрондық түрде «Е-лицензирование» МДБ арқылы көрсетіледі).
Рұқсат құжаттарын беру үшін негіз: «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Кодексінің 34 тарау, «Кен іздеушілікке арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 17 мамырдағы № 339 бұйрығы.
«Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге лицензия беру» функциясы (қағаз түрінде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы көрсетіледі).
Рұқсат құжаттарын беру үшін негіз: Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Кодексінің 204, 205 баптары, «Пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензия беру үшін өтініш беру және оны қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 23 мамырдағы № 366 бұйрығы.