Техникалық құрылғыларға, материалдарға, өлшеу құралдарына, жеке қорғаныс құралдарына, кабель өнімдеріне, оның ішінде жарылыстан қорғалған орындаудағы және сол сияқтыларға қауіпті өндірістік объектілерде қолдануға рұқсат алу қажет пе?
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамаға сәйкес қауіпті өндірістік объектілерде техникалық құрылғыларды, материалдарды, өлшеу құралдарын, жеке қорғаныс құралдарын, кабельдік өнімді, оның ішінде жарылыстан қорғалып орындалған және т.б. қолдануға рұқсат алу талап етілмейді.
"Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабына сәйкес қауіпті өндірістік объектілерде қолдануға рұқсат тек технологиялар мен қауіпті техникалық құрылғыларға ғана беріледі.