"Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 72-бабына сәйкес аттестаттауға құқық беретін мынадай жұмыс түрлері жатады:
1) өнеркәсіптік қауіпсіздікке сараптама жүргізу:
- қауіпті техникалық құрылғылар;
- қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялар, техникалық құрылғылар, материалдар – құрылыс материалдарын қоспағанда);
- заңды тұлғалардың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестат алу кезінде мәлімделген жұмыс түрлеріне, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне;
- "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында сараптамаға жататын жобалық құжаттар.
2) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мамандарды, жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау;
3) жарылыс жұмыстары саласында сараптама жүргізу;
4) газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуді жүргізу;
5) лифтілерді, эскалаторларды, траволаторларды, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдарға (мүгедектерге) арналған көтергіштерді монтаждауды, оларға техникалық қызмет көрсетуді, техникалық диагностикалауды, техникалық куәландыруды және жөндеуді жүргізу арқылы қамтамасыз етіледі.