Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, Ақмола облысында тұратын Қазақстан Республикасының меншік нысанына қарамастан жоғарғы білім беру ұйымдарында күндізгі оқыту нысаны бойынша ақылы негізде білім алатын студенттер, облыс әкімінің атаулы стипендиясын тағайындауға үміткерлер болып табылады.
Атаулы стипендиялар тағайындаудың қолданыстағы шарттарына сәйкес, мынадай өлшемдерге сәйкес келетін студенттер үміткер бола алады:
1) Ақмола облысында кдрлық тапшылық құрайтын мамандықтар бойынша білім алатын студенттер. Бұл жағдайда, мынадай өлшемдерге сәйкес келетін студенттер стипендия алуға басымдылық құқығына ие болады:
- оқу үлгерімінде жоғарғы көрсеткіштері бар;
- ғылым саласында жоғарғы жетістіктері бар (халықаралық ғылыми конкурстарда, конференцияларда және т.б. жүлделі орын алған).
2) Халықтың әлеуметтік-осал тобына жататын үздік және жақсы оқу үлгерімі бар студенттер:
- көп балалы отбасы;
- жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған;
- 1 және 2-топ мүгедектері;
- ата-анасының біреуі немесе екеуі 1-топ мүгедегі;
- мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызмет атқару, адам өмірін құтқару кезінде, құқықтық тәртіпті сақтау барысында қайтыс болған тұлғаның отбасы;
- толық емес отбасы;
- атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа дейін балаларына мемлекеттік жәрдемақы алушы болып табылатын, кірісі орташа жан басына шаққанда кедейшілік шегіне, азық-түлік себетіне дейінгі отбасы.
3) Жастар ұйымдарының мүшелері және белсенділері болып саналатын үздік және жақсы оқу үлгерімімен студенттер.
4) Жоғары жетістіктері бар студенттер:
- мәдениет және өнер саласында (халықаралық шығармашылық конкурстарда, жарыстарда және т.б. жүлделі орындар);
- түрлі спорт түрлерінде (Қазақстан Республикасының немесе олимпиадалық спорт түрлерінен халықаралық чемпионаттарда жүлделі орын алған, немесе олимпиадалық емес спорт түрлерінен халықаралық чемпионаттарда жүлделі орындар).