Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскесін қалай алуға болады ?

    Ақмола облысының әкімдігі

    Сұрақ

    Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскесін қалай алуға болады ?

    Жауап

    ҚР Жер кодексінің 48-бабының 1-тармағында қарастырылған жағдайларды қоспағанда, мемлекет меншігіндегі бар және де жер пайдалануына ұсынылмаған жер телімдерінің немесе жер телімдеріне жалдау құқығының ұсынылуы сауда-саттықтарда (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асырылады.

    Сауда-саттық Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығымен бекітілген Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру бойынша конкурсты ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

    Конкурс өткізу туралы хабарламаны жариялау тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында, аудандардың жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурстарында, арнайы ақпараттық стендтерде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органының сайтында жүзеге асырылады.

    Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар беріледі:

    1) конкурсқа қатысуға арналған өтінім;

    2) конкурстық ұсыныс.

    Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс жер коммисиясымен Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-бабының 2-тармағына сәйкес өткізеді.

    Конкурстың жеңімпазы бизнес-жоспарға сәйкес конкурстық ұсыныста көрсетілген инвестицияның болжамды көлемі бойынша баллдарды беру арқылы, бағаланады.
    Жоғарыда айтылғандарға байланысты, облыстың аудандары мен қалаларының жергілікті атқарушы органдары ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін беруге конкурс жариялағаннан кейін әр жеке немесе заңды тұлға оған қатысуға құқылы.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Қандай жағдайларда мектеп жабылуы мүмкін?

    Жауап

    📉 Мектептердің жабылу себептері: Оқушылар саны жеткіліксіз: бастауыш мектептің жұмыс істеуі үшін кемінде 5 оқушы, негізгі — 41, орта — 81 оқушы қажет. 120 мектеп бұл талаптарға сай келмейді. Халықтың көші-қоны: ауыл тұрғындарының кетуі оқушылар санының төмендеуіне әкеледі. 🚍 Ба...

    Сұрақ

    Неліктен Көкшетау қаласының маршруттарында автобустар жетіспейді?

    Жауап

    бүгінгі таңда Көкшетау қаласының тұрғындары қоғамдық көліктің (автобустардың) жетіспеушілігі проблемасына тап болып отыр. Автобустар мен жүргізушілердің жеткіліксіз саны ұзақ күтуге, маршруттардың шамадан тыс жүктелуіне және көліктің қол жетімділігінің төмендеуіне әкеледі, әсірес...

    Сұрақ

    Жұбайы кәмелетке толмаған баласымен қарым-қатынасқа кедергі жасай ала ма?

    Жауап

    жоқ, екі ата-ананың сәбиін тәрбиелеу, күтіп-ұстау бойынша құқықтары мен міндеттері тең. Қарым-қатынас бойынша даулы жағдайлар орын алса, онда соттың шешімі бойынша қарым-қатынас кестесімен белгіленеді.

    Сұрақ

    Кәмелетке толмаған баланы ата-аналардың уақытша қамқорлығына қалдыруға бола ма?

    Жауап

    иә, ата-аналар (ата-ана) ұзақ уақыт емделуде, бас бостандығынан айыру орындарында болған жоғдайда, ата-аналарының келісімі бойынша қамқоршылық рәсімделеді.

    Сұрақ

    Жер учаскесін жалға алу мерзімін қалай ұзартуға болады?

    Жауап

    Жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту eGov.kz веб-порталы арқылы жергілікті атқарушы органдармен жүзеге асырылады. Ол үшін өтініш пен қажетті құжаттарды электронды форматта тапсыру қажет. Негізгі кезеңдер: eGov.kz арқылы өтініш беру. Уәкілетті органдармен құжаттарды тексеру. Жа...

    Сұрақ

    Көкөніс отырғызу үшін жер учаскесін қалай алуға болады?

    Жауап

    ауыл шаруашылығы өндірісі үшін жер учаскелері конкурс арқылы жалға беріледі (ҚР Жер кодексінің 43-1-бабы). Қатысу үшін жергілікті әкімдікке өтінім беріңіз. Жеке қосалқы шаруашылық үшін жер учаскелерін беру «Мемлекет меншігіндегі сауда-саттықтар өткізуді талап етпейтін жер учаскел...

    Сұрақ

    Қоғамдық көлікте тегін жүру құқығын кімдер ала алады?

    Жауап

    «Көкшетау қаласында қоғамдық көлікте (таксиден басқа) Көкшетау қаласы азаматтарының жекелеген санатының жол жүру төлеу бойынша жеңілдік белгілеу туралы» Көкшетау қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 28 тамыздағы № A-8/1531 қаулысына және Ақмола облыстық Көкшетау қалалық мәслихатының 201...

    Сұрақ

    Елді мекендерді қайта атау бойынша ұсыныстарға қатысты

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы№ 138 қаулысымен бекітілген Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқыны...