Көкөніс отырғызу үшін жер учаскесін қалай алуға болады?
ауыл шаруашылығы өндірісі үшін жер учаскелері конкурс арқылы жалға беріледі (ҚР Жер кодексінің 43-1-бабы). Қатысу үшін жергілікті әкімдікке өтінім беріңіз.
Жеке қосалқы шаруашылық үшін жер учаскелерін беру «Мемлекет меншігіндегі сауда-саттықтар өткізуді талап етпейтін жер учаскелеріне құқық алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет арқылы жүзеге асырылады. Оны өзіңізге ХҚКО, eGov.kz порталы арқылы істеуіңізге болады (электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда).