Мәслихат депутаттары қандай сайлау жүйесі бойынша сайланады?

    Жетісу облысының әкімдігі

    Сұрақ

    Мәслихат депутаттары қандай сайлау жүйесі бойынша сайланады?

    Жауап

    Астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттарының депутаттары аралас сайлау жүйесі бойынша сайланады. Біртұтас аумақтық сайлау округінің аумағы бойынша пропорционалды өкілдік жүйесі бойынша депутаттардың жартысы, екінші жартысы - бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады.

    Аудандар мен қалалар мәслихаттарының депутаттары бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады.

    Мәслихаттар депутаттығына:

    - партиялық тізімдер бойынша сайланатын кандидаттарды ұсыну құқығы – саяси партияларға;

    - бірмандаттық аумақтық сайлау округтер бойынша сайланатын кандидаттарды ұсыну құқығы – саяси партияларға, қоғамдық бірлестіктерге, сондай-ақ егер жарғыда тиісті өкілеттік көзделген болса, олардың құрылымдық бөлімшелеріне (филиалдары мен өкілдіктеріне) және өзін-өзі ұсыну арқылы азаматтарға тиесілі.

    Аумақтық сайлау округі бойынша бір саяси партиядан бір ғана тізімді тіркеуге жол беріледі, онда әйелдер мен жастардың саны жиынтығында, оған енгізілген адамдардың жалпы санының кемінде отыз пайызын құрауға тиіс.

    Ешкім біреуден артық сайлау округінде кандидат болып ұсыныла алмайды.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Кім мәслихат депутаты болып сайлана алады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының 20 жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болаалады. Сотіс-әрекеткеқабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарындаотырғаназаматтардың; сотталғандығы заңменбелгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмағанадам...

    Сұрақ

    Мәслихаттар дегеніміз не және олардың депутаттары қалай сайланады?

    Жауап

    Мәслихаттар – тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністегі халықтың еркін білдіретін және оны іске асыру бойынша қажетті шараларды белгілейтін, сондай-ақ олардың жүзеге асырылуын бақылайтын жергілікті өкілді органдар. Мәслихаттар депутаттарының өкілеттік мерзімі – бес жыл. Мәслихат депу...

    Сұрақ

    Жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін субсидияланатын жұмыс орындарының қандай түрлері бар?

    Жауап

    Жұмыссыз тұлғаны жұмысқа орналастыру мақсатында субсидияланатын келесі жұмыс орындары ұйымдастырылады: Жасы 35 жасқа дейінгі жұмыссыз жастарға «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» жобалары, жасы 50-ден асқан жұмыссыздарға «Күміс жас» жобасы, жұмыссыз...

    Сұрақ

    Су беру қызметін субсидиялауға өтінім беру мерзімдері қандай?

    Жауап

    Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларына сәйкес өтінімдерді қабылдау жер учаскесінің орналасуына байланысты әр жылдың 1 мамырынан бастап 30 қарашасына дейін жүзеге асырылады.

    Сұрақ

    Газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсету жұмыстарын қандай ұйымдар жүргізеді?

    Жауап

    Газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсету жұмыстарын осы салада арнайы дайындықтан өткен және тиісті рұқсаты бар ұйымдар ғана жүргізеді. Мұндай ұйымдар туралы ақпаратты «Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасынан немесе оның жергілікті б...

    Сұрақ

    «Дипломмен - ауылға» бағдарламасы бойынша қандай көмек көрсетіледі?

    Жауап

    «Дипломмен - ауылға» бағдарламасы бойынша ауылға келген мамандарға екі түрлі көмек көрсетіледі: бір реттік көтерме жәрдемақы немесе тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредит.

    Сұрақ

    Нысандарды салу үшін қандай құжаттар қажет?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 75 бұйрығымен бекітілген Құрылыс саласында құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту Қағидаларының 22-тармағына сәйкес құрылыс жөніндегі жобаларды іске асыру жер учаскесіне тиісті құ...

    Сұрақ

    Тұрғын үйді тегін жекешелендіруге кім құқылы?

    Жауап

    Тегін жекешелендіру құқығына ие 11 санат бар, олар: - Ұлы Отан соғысының ардагерлері; - 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар; - саяси қуғын-сүргін құрбандары; - Чернобыль апатының зардаптарын жоюға қатысқандар; - ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтар; - Арал маң...