Әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау дегеніміз не?
Әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау — мемлекеттік органдардың жеке және заңды тұлғалардың халықты әлеуметтік қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын тексеру жөніндегі қызметі.
Мемлекеттік бақылаудың негізгі ережелері Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 21-тарауында белгіленген.