Еңбек кітапшасын жоғалтып алған жағдайда еңбек өтілін қалай растауға болады?
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 209 бабының2 тармағына сәйкес еңбек өтілі еңбек кітапшасымен расталады, ал еңбек кітапшасы немесе онда тиісті жазбалар болмаған кезде жұмысы туралы мәліметтерді растайтын құжаттар не соттың шешімі негізінде белгіленеді.
Еңбек кітапшасы жоғалған немесе жарамсыз деп танылған жағдайда еңбек өтілі архив мекемелерінің анықтамаларымен, жұмыс берушінің мұрағаттық құжаттарымен және еңбек қызметін растайтын өзге де ресми құжаттармен дәлелденуі мүмкін.
Егер еңбек өтілін растайтын құжаттарды өзге тәртіппен алу мүмкін болмаса, Қазақстан Республикасының Азаматтық процесстік кодексінің 306бабына сәйкес, сот заңдық маңызды бар фактіні анықтайды.