Инвестициялық субсидия қандай шығыстарға беріледі?
Инвестициялық субсидиялау агроөнеркәсіптік кешен субъектісінің инвестициялық жобаны іске асыру кезінде шеккен шығындарының бір бөлігін өтеу мақсатында беріледі. Субсидиялау инвестициялық жоба шеңберінде сатып алынған техникаға, жабдыққа, құрылыс-монтаждау жұмыстарына және Қағидаларда көзделген өзге де инвестициялық салымдарға қатысты жүргізіледі.