Ауыл шаруашылығы техникалары бойынша заңды немесе жеке тұлғалардың меншігіне тіркелген техникалар туралы мәліметтерді қайдан алсақ болады?
Ауыл шаруашылығы техникаларына ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2015 жылғы 30 наурыздағы №4-3/267 Бұйрығына сәйкес, мемлекеттік қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары көрсетеді. Сонымен қатар, жоғарыда айтылған Қағиданың 28 тармағына сәйкес
Ауыл шаруашылығы техникалары жеке тұлғаларға тұрақты тұратын жері немесе уақытша тұру мерзіміне уақытша болу орны бойынша (тұрақты тiркелуi болмаған жағдайда) немесе тұрған жерi бойынша мемлекеттік кіріс органында (жеке тұлға дара кәсiпкер ретiнде тіркелген жағдайда) тіркеледі, заңды тұлғаларға заңды мекенжайы бойынша, заңды тұлғалардың филиалдарына, заңды тұлғаның жазбаша рұқсатымен филиалдардың орналасқан жері бойынша тіркеледі.