Атқарушылық әрекеттерді жасауға байланысты шығыстарға не жатады?
Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының 113-бабына сәйкес, атқарушылық әрекеттерді жасауға байланысты шығыстар – оларды ұйымдастыруға және жүргізуге жұмсалған бюджет қаражаты, атқарушылық іс жүргізу тараптарының, жеке сот орындаушысының, сондай-ақ сот орындаушысы атқару барысында тартқан өзге де тұлғалар мен ұйымдардың қаражаты.
Аталған шығыстарға мыналар жатады:
1) борышкердің мүлкін анықтау, қарау және бағалау;
2) борышкердің мүлкіне тізімдеме жасау, тыйым салуды ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ оны тасымалдау және сақтау;
3) тыйым салынған мүлікті өткізуді ұйымдастыру;
4) атқарушылық әрекеттерді жасауға заңда белгіленген тәртіппен тартылған аудармашылардың, мамандардың және өзге де адамдардың еңбегіне ақы төлеу;
5) өндіріп алынған сомаларды өндіріп алушыға пошта арқылы аудару (жіберу);
6) өндіріп алынған сомаларды қолма-қол ақшаны бақылау шотынан және өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған қаражатты сақтауға арналған жеке сот орындаушысының ағымдағы шотынан беру кезінде туындайтын банк шығыстары;
7) борышкерді іздестіру;
8) өндіріп алушының аванстық жарнасы;
9) атқарушылық әрекеттерді жасау кезінде сот орындаушысының қоғамдық көліктің барлық түрлерімен - қалалық, қала маңындағы және жергілікті қатынаспен (таксиден басқа) жүруіне байланысты шығыстар, оның ішінде іссапар шығыстары;
10) атқарушылық құжатты орындау процесінде қажет болатын өзге де әрекеттер;
11) сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізуге тартқан тұлғаларға төленетін өзге де сыйақылар.