Атқарушылық іс жүргізудің орындалу барысы туралы өзекті мәліметтерді қалай білуге болады?
Атқарушылық іс жүргізу бойынша қабылданған шаралар туралы өзекті ақпаратты Атқарушылық іс жүргізу тараптарының кабинеті арқылы алуға болады. Бұл – тараптарға (өндіріп алушы мен борышкерге) атқарушылық іс жүргізу шеңберінде ақпарат алуға және өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік беретін электрондық сервис.
Сервиске қол жеткізу үшін тараптар aisoip.adilet.gov.kz сайтындағы Атқарушылық іс жүргізу тараптарының кабинетінде тіркеліп, Adilet мобильді қосымшасын жүктеп алып, қосымшаның жеке кабинетінде авторизациядан өтуі қажет.