Медициналық - әлеуметтік сараптама немен реттеледі?

    Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті

    Сұрақ

    Медициналық - әлеуметтік сараптама немен реттеледі?

    Жауап

    Медициналық-әлеуметтік сараптама өткізу тәртібі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №260 бұйрығымен бекітілген «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларымен» реттеледі.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Менің асырауымда екі балам бар, біздің асыраушымыз 2025 жылы қаңтарда қайтыс болды, жақында жәрдемақы төленетінін білдім, жәрдемақыны қай уақыттан алуға құқығым бар және жәрдемақыны алу үшін қайда баруым керек?

    Жауап

    Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы жәрдемақыға құқығы туындаған күннен бастап, бірақ барлық қажетті құжаттармен бірге жәрдемақы тағайындауға өтініш жасаған күнге дейін он екі айдан аспайтын уақытқа тағайындалады. Жәрдемақыны тағайындау үшін Сіз...

    Сұрақ

    Бала күтіміне байланысты жәрдемақы өтініш берген күнен бастап тағайындалады ма немесе бала туған күнен бастап тағайындалады ма?

    Жауап

    Бала күтiмi бойынша жәрдемақы бала туған күннен бастап, ол бiр жарым жасқа толған күнге дейін тағайындалады. Бала туғанда берiлетiн жәрдемақы мен бала күтiмiне байланысты жәрдемақыны тағайындауға өтiнiш жасау мерзiмдерi бала туған күннен бастап он сегіз айдан аспауға тиiс.

    Сұрақ

    Отбасында екі бала (егіздер) туған жағдайда бала күтімі бойынша бір жәрдемақы тағайындалады ма немесе әр балаға бөлек па?

    Жауап

    Бiр жарым жасқа толмаған екi және одан да көп балаға күтімдi жүзеге асырған жағдайда бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақы әр балаға тағайындалады және төленедi.

    Сұрақ

    Зейнетақыдан ұстап қалу жүргізілуі мүмкін бе?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 203 бабына сәйкес зейнетақыдан ұстап қалу атқарушылық іс жүргізу тәртібімен жүргізілуі мүмкін. Зейнетақыдан ұстап қалу төленуге тиісті сомадан жүргізіледі. Төленуге тиіс соманың 50 пайыздан астамын зейнетақыдан ұстап қалуға болмайды...

    Сұрақ

    Зейнетақы төлемдері қандай параметрлер негізінде тағайындалады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Зейнетақы (ынтымақты) төлемі 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемiнде алты ай еңбек өтіліне (зейнетақы төлемін толық көлемде алу үшін ерлерге кемiнде...

    Сұрақ

    Зейнетақы тағайындау кезінде еңбек өтілі қандай құжаттармен расталады?

    Жауап

    Жұмыс өтілін растайтын құжаттарға мыналар жатады: еңбек кітапшасы; білімі туралы құжат (диплом); әскери билет. Жұмыс істемейтін ананың кәмелетке толмаған балаларға күтім жасаған кезеңін растау үшін төмендегі құжаттардың бірі ұсынылады: балалардың туу туралы куәлігі немесе туу тур...