Зейнетақы тағайындау кезінде еңбек өтілі қандай құжаттармен расталады?
Жұмыс өтілін растайтын құжаттарға мыналар жатады:
- еңбек кітапшасы;
- білімі туралы құжат (диплом);
- әскери билет.
Жұмыс істемейтін ананың кәмелетке толмаған балаларға күтім жасаған кезеңін растау үшін төмендегі құжаттардың бірі ұсынылады:
- балалардың туу туралы куәлігі немесе туу туралы актілік жазбасы;
- балалардың жеке басын куәландыратын құжат және басқалары.