Тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін мемлекеттік қызметшілерге қандай тәртіптік жаза түрлері қолданылады?
Тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін мемлекеттік қызметшілерге мынадай тәртіптік жаза түрлері қолданылады: ескерту; сөгіс; қатаң сөгіс; қызметке толық сай еместігі туралы ескерту; мемлекеттік қызметшінің лауазымдық деңгейін төмендету; сайланған мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, мемлекеттік лауазымын төмендету; сайланған мемлекеттік қызметшіні атқаратын лауазымына сай емес деп тану; сайланған мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, атқаратын мемлекеттік лауазымынан шығару. Қазақстан Республикасының заңдарында өзге де жаза түрлері белгіленуі мүмкін.