Егер менің тарапымнан бұзушылықтар болмаса да, неліктен жүйе «экранның фокусы жоғалды», «келбетінің болмауы» сияқты бұзушылықтарды тіркейді?
Бұл тіркеулер автоматты түрде қалыптасады және бірден бұзушылық болып саналмайды.
Тестілеуден өту барысында прокторинг жүйесі кандидаттың қозғалыстарын, сондай-ақ дыбыстық фонды автоматты түрде тіркейді. Бұл тіркеулер бұзушылық болып саналмайды, тек тіркеу сипатында болады. Тестілеу аяқталғаннан кейін бейнежазба бір тәулік ішінде проктор тарапынан тексеріледі, тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтардың бар-жоғы туралы шешім қабылданады.