Жеке тұрғын үйде газдың шығуы (ағып кетуі) анықталса, бұл – адам өмірі мен мүлікке өте қауіпті жағдай. Газ жиналып қалса, жарылыс немесе улану қаупі жоғары болады. Сондықтан нақты әрі жылдам әрекет ету қажет.
1.Газ шыққанын қалай білуге болады?
Табиғи газдың өзіне тән иісі болмайды, бірақ оған арнайы өткір иіс (шіріген жұмыртқаға ұқсас) қосылады. Белгілері:
Үй ішінде газдың өткір иісі сезіледі
Ысылдаған дыбыс (құбыр немесе шланг маңында)
Жалынның түсі өзгеруі (көгілдір емес, сарғыш болуы)
Бас айналу, жүрек айну, әлсіздік (улану белгілері)
2.Дереу атқарылатын әрекеттер
Қауіпсіздік шаралары:
Газ беруді тоқтатыңыз
Плита, қазандық, су жылытқыш крандарын жабыңыз.
Мүмкін болса, есептегіш алдындағы негізгі кранды жабыңыз.
Үйді желдетіңіз
Терезе мен есіктерді толық ашыңыз.
Желдеткіш қоспаңыз (электр ұшқын беруі мүмкін).
От көздерін қолданбаңыз
Сіріңке, оттық жақпаңыз.
Темекі шекпеңіз.
Электр құралдарын қоспаңыз және сөндірмеңіз
Жарықты жақпаңыз.
Телефонды үй ішінде пайдаланбаңыз.
Розеткаға ештеңе қоспаңыз.
Барлық адамдарды сыртқа шығарыңыз
Мақсаты: Жеке тұрғын үйде газдың ағып кетуі кезінде туындайтын қауіпті жағдай туралы ескерту және адам өмірі мен мүлкін қорғау үшін шұғыл әрі дұрыс әрекет ету тәртібін түсіндіру.