Үйдегі құбырлар мен су есептегіштеріне кім жауап береді
Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану жөніндегі жауапкершілік пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы бойынша айқындалады:
жеткізушінің желілеріне қосылу нүктесіне дейін — жауапкершілік жеткізушіге жүктеледі;
қосылу нүктесінен кейін, оның ішінде ғимараттың ішкі желілері — үй-жайдың меншік иесіне немесе кондоминиумды басқару органына (басқарушы компанияға ) жүктеледі.
Су есептегіштер (есепке алу аспаптары ) су тұтынушының меншігі болып табылады.
Ол олардың жарамды күйін, сақталуын және пломбалардың бүтіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Мақсаты: Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану кезіндегі жауапкершілік шекарасын нақты түсіндіру.