Меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға дербес қабылдау актісіне қандай талап қойылады?
Жауап: ҚР «Сәулет, қала құрылысы және құрылысқызметі туралы» Заңының 74-бабына сәйкес, техникалық жағынан күрделі емес объектілердіменшік иесі (тапсырыс беруші, инвестор, құрылыссалушы) дербес пайдалануға қабылдайды. Бұл реттеқабылдау актісі бекітілген нысан бойынша рәсімделіп, инженерлік желілердің және (немесе) ғимараттардыңнақты орналасуының атқарушылық геодезиялықтүсірілімі қоса беріледі. Дербес қабылданғанобъектілердің актісі мемлекеттік қала құрылысыкадастрының ақпараттық жүйесінде міндетті түрде тіркеледі.