Құрылыс барысында туындаған апаттық жағдайлар мен мердігердің техникалық қауіпсіздік ережелерін бұзуына кім жауапты?
Жауап: Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталуына және орын алған оқиғаларға ең алдымен мердігер ұйым мен нысандағы жауапты тұлғалар жауап береді. Сонымен қатар, құрылыс процесіне қатысатын техникалық қадағалау мамандары мен уәкілетті мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде бақылау және қадағалау жұмыстарын жүзеге асырады. Заңнама талаптары сақталмаған жағдайда, жауапкершілік қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес қаралады.