Жауап: Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы «Жарнама туралы» Заңына сәйкес сыртқы (көрнекі) жарнама ғимараттардың сыртқы жақтарына орналастырылуы мүмкін. Ал Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңына сәйкес сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін орналастыру туралы хабарлама берілуі тиіс. Хабарлама жарнама орналастырылатын күнге дейін кемінде 5 жұмыс күні бұрын уәкілетті органға жолданады. Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 603-бабының 2-тармағына сәйкес, хабарлама берілмеген жағдайда сыртқы жарнаманы нақты орналастыру төлемақы сомасын өндіріп алу және бюджетке енгізу үшін негіз болып табылады. Сондықтан сыртқы жарнаманы орналастыру кезінде қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау міндетті.